ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы
(2026.20.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:
2026.19.05. № 292-VIII ҚР Заңын қараңыз (2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 4 наурыздағы № 45-ө өкімін қараңыз
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнамасы
3-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары
4-бап. Жануарларды қатыгездікпен қараудан қорғау
2-тарау. ЖАНУАРЛАРҒА ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН ҚАРАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы құзыреті
7-бап. Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы уәкілетті органның құзыреті
9-бап. Жергілікті атқарушы органдардың жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы құзыреті
3-тарау. ЖАНУАРЛАРДЫ ҰСТАУ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚАРАУ ЖӨНІНДЕГІ НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР
10-бап. Жануарларды ұстау жөніндегі жалпы талаптар
11-бап. Үй жануарларын есепке алу
12-бап. Жануарларды тасымалдауға қойылатын жалпы талаптар
13-бап. Жануарларды өсіруге қойылатын жалпы талаптар
14-бап. Ветеринариялық қызметтер көрсету кезінде жануарларға қарау ерекшеліктері
15-бап. Жануарларды жансыздандыру және олардың өлекселерімен жұмыс істеу
16-бап. Жабайы жануарларға қарау кезіндегі талаптар
17-бап. Ауыл шаруашылығы жануарларына қарау кезіндегі талаптар
19-бап. Эксперименттік (зертханалық) жануарлармен жұмыс істеу кезіндегі талаптар
20-бап. Қызметтік жануарлармен жұмыс істеу кезіндегі талаптар
21-бап. Үй жануарларына қарау және оларды ұстау кезіндегі талаптар
22-бап. Үй жануарларын серуендетуге қойылатын талаптар
23-бап. Қараусыз қалған және иесіз жануарларға қарау жөніндегі қызмет
24-бап. Жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру
25-бап. Иесіз жануарлардың санын реттеу
26-бап. Жануарларға арналған панажайлар
7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
31-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
2026.19.05. № 292-VIII ҚР Заңымен кіріспе алып тасталды (2026 ж. 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2026.19.05. № 292-VIII ҚР Заңымен бүкіл мəтін бойынша «қаңғыбас», «Қаңғыбас» деген сөздер тиісінше «иесіз», «Иесіз» деген сөздермен ауыстырылды (2026 ж. 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2026.19.05. № 292-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) аулау қызметі - жануарларды аулаумен, уақытша ұстаумен және жансыздандырумен айналысатын, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік заңды тұлғалар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер және мемлекеттік емес заңды тұлғалар;
2) жабайы жануарлар - жабайы табиғат табиғи мекендеу ортасы болып табылатын, оның ішінде еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұсталатын жануарлар;
3) жануарға қатыгездікпен қарау - жануардың өліміне, мертігуіне немесе оның саулығына өзге де зиян келуіне алып келген немесе алып келуі мүмкін қасақана іс-әрекет;
4) жануарды эвтаназиялау (бұдан әрі - эвтаназиялау) - жануардың ауырсынуын және физикалық қиналуын болғызбай оны дәрі-дәрмекпен жансыздандыру;
5) жануардың иесі - жануар меншік құқығымен немесе өзгедей заттық құқықпен тиесілі болатын жеке немесе заңды тұлға;
6) жануарлар - омыртқалы жануарлар;
7) жануарларға арналған оңалту орталығы - жануардың иесіне және (немесе) жауапты адамға не табиғи мекендеу ортасына қайтарылуға жататын немесе жатпайтын, тіршілігі мен саулығына қатер төндіретін жағдайға ұшыраған, табиғи жағдайларда тіршілік ете алмайтын жануарларды, сондай-ақ жеке немесе заңды тұлғалардан алып қойылған немесе тәркіленген үй жануарларын (компаньон-жануарларды) шектеулі қабылдауға, емдеуге, уақытша ұстауға, оңалтуға және бейімдеуге арналған және жабдықталған мүліктік кешен;
8) жануарларға арналған панажай - тіршілігі мен саулығына қатер төндіретін жағдайға ұшыраған жануарларды, қараусыз қалған және иесіз жануарларды, сондай-ақ жеке немесе заңды тұлғалардан алып қойылған немесе тәркіленген үй жануарларын (компаньон-жануарларды) ұстауға арналған және жабдықталған мүліктік кешен;
9) жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық инспектор (бұдан әрі - қоғамдық инспектор) - жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық бақылауды жүргізу қағидаларына сәйкес жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын жеке тұлға;
10) жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы уәкілетті орган - жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы басшылық пен салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2026.19.05. № 292-VIII ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) жануарларды уақытша ұстау пункті - табылған, ауланған қараусыз қалған жəне иесіз жануарларды, ұстаудан бас тартуына байланысты иелері немесе жауапты адамдар берген, сондай-ақ жеке немесе заңды тұлғалардан алып қойылған немесе тəркіленген үй жануарларын (компаньон жануарларды) уақытша ұстауға əдейі арналған жəне жабдықталған мүліктік кешен;
12) жануарлардың төбелесі - жануарларды бір-біріне айтақтау нәтижесінде не олардың тұқымдық сипаттамалары салдарынан, жануар иесінің және (немесе) жауапты адамның айқастың алдын алу немесе тоқтату жөніндегі шараларды әдейі қабылдамауы кезінде туындаған екі және одан көп жануардың айқасы;
13) жауапты адам - жануар иесінің осы Заңда белгіленген құқықтары мен міндеттерін жануар иесінің жазбаша тапсырмасы бойынша өзіне алатын адам;
14) жылжымалы хайуанаттар бағы - жануарларды ұстау және тасымалдау арқылы ғылыми маңызы жоқ цирк, эстрада, ойын-сауық қызметінде жануарларды көпшілікке демонстрациялау үшін пайдаланылатын арнайы жабдықталған жылжымалы конструкциялар, оның ішінде торлар;
15) зоологиялық жатынжай - дара кәсіпкер немесе мемлекеттік емес заңды тұлға құрған, жануарлардың иелерімен келісу бойынша үй жануарларын (компаньон-жануарларды) уақытша ұстауға немесе ұстай тұруға арналған және жабдықталған мүліктік кешен;
16) зоологиялық питомник - дара кәсіпкер, мемлекеттік не мемлекеттік емес заңды тұлға құрған, асыл тұқымдық құндылығы бар немесе арнаулы мақсаттағы жануарларды ұстау және өсіру үшін әдейі жабдықталған және соған арналған мүліктік кешен;
2026.19.05. № 292-VIII ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
16-1) иесіз жануарлар - иесі жоқ немесе үй жануарлары есебіне алынбаған иттер мен мысықтар;
17) контактілі зоопарк - жануарларды көпшілікке демонстрациялау және келушілерге физикалық контакт беру мақсатында оларды ұстау үшін пайдаланылатын арнайы жабдықталған құрылысжайлар, үй-жайлар, көлік, торлар, қоршаулар және басқа да конструкциялар;
18) 2026.19.05. № 292-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19) қараусыз қалған жануарлар - ұстау орнынан тыс жерде және жануардың иесі және (немесе) жауапты адам тарапынан бақылаусыз қалған жануарлар;
20) қызметтік жануарлар - іздеу, күзету, патрульдік-бекеттік, қорғау-қарауыл, іздестіру-құтқару мақсаттарында және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де қызметтік мақсаттарда арнайы даярланған және пайдаланылатын (қолданылатын) жануарлар;
21) мертігу - Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында айқындалған жағдайларды қоспағанда, қандай да бір ағзаның функциясын толық немесе ішінара жоғалтуға, сондай-ақ жануардың анатомиялық тұтастығын бұзуға алып келген, жануардың саулығына келтірілген ауыр зиян;
22) стерилизациялау - жануарды хирургиялық, дәрі-дәрмекпен не өзге тәсілдермен ұрпақ өрбіту қабілетінен айыру;
23) ұстау орны - жануардың иесі және (немесе) жауапты адам пайдаланатын, жануар ұсталатын ғимараттар, құрылыстар, құрылысжайлар, үй-жайлар немесе жер учаскелері;
24) үй жануарлары (компаньон жануарлар) (бұдан әрі - үй жануарлары) - қай түрге жататынына қарамастан, адам эстетикалық қажеттіліктері мен қарым-қатынас қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін дәстүрлі түрде асырайтын және өсіретін жануарлар;
25) үй жануарларын есепке алу - үй жануарына жеке нөмір берілгені, тұрғылықты жері көрсетілген оның иесі және жүргізілген ветеринариялық іс-шаралар туралы мәліметтерді міндетті тіркеу;
2026.19.05. № 292-VIII ҚР Заңымен 26) тармақша өзгертілді (2026 ж. 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
26) үй жануарларын есепке алу бұйымдары (құралдары) - үй жануарларын есепке алу үшін пайдаланылатын чиптер және басқа да бұйымдар (құралдар);
27) үй жануарларын серуендету - жануар иесінің және (немесе) жауапты адамның жануарды ұстау орнының шегінен тыс жерге шығаруды көздейтін және жануардың қозғалыс белсенділігіне, табиғи қажеттіліктерін атқаруға деген физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған әрекеттері;
28) үй жануарларының өз бетінше серуендеуі - үй жануарларының ұстау орнынан тыс жерде жануар иесінсіз және (немесе) жауапты адамсыз өз бетінше болуы;
2026.19.05. № 292-VIII ҚР Заңымен 28-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
28-1) шұғыл ден қою шаралары - адамның, жануарлардың қауіпсіздігін, қоғамдық тəртіпті қамтамасыз ету жəне (немесе) адамның өміріне немесе денсаулығына, жануарлардың тіршілігіне немесе саулығына жəне жеке жəне (немесе) заңды тұлғалардың мүлкіне қатер төнуін болғызбау мақсатында жануарлардың агрессия көрсетуін дереу тоқтатуға жəне (немесе) оның салдарын барынша азайтуға бағытталған іс-шаралар жиынтығы, оның ішінде əрекеттер;
29) эксперименттік (зертханалық) жануарлар - ғылыми зерттеулер, биологиялық тестілеу, оқу процесін жүргізу үшін, медициналық мақсаттарда, сондай-ақ биомедициналық препараттар алу үшін өсірілетін, ұсталатын және пайдаланылатын жануарлар.
2-бап. Қазақстан Республикасының жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
2026.19.05. № 292-VIII ҚР Заңымен 3-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары
1. Осы Заңның мақсаттары - жануарлардың қорғалуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адамгершілікті нығайту, ізгілікті сақтау, сондай-ақ жеке жəне заңды тұлғалардың жануарларға қарау кезіндегі құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.
1) жануарлардың тіршілігі, саулығы мен амандығы үшін иелерінің жауапкершілігін қалыптастыру;
2) жануарларды қорғау жөніндегі шаралар жүйесін қамтамасыз ету;
3) халықты жануарларға адамгершілікпен, ізгілікпен жəне саналы түрде қарауға тəрбиелеу.
3. Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) жануарларды ауырсыну мен тəн азабын сезіне алатын тіршілік иелері деп тану;
2) жануарларға қатыгездікпен қарауға, ауырсыну тудыруға, тəн азабын шектіруге жəне олардың негізсіз өлтірілуіне жол бермеу;
3) адам мен жануарлардың құрметке, қамқорлыққа жəне қоғам мен табиғат мүдделерінің тепе-теңдігіне негізделген үйлесімді тіршілік етуі.
4-бап. Жануарларды қатыгездікпен қараудан қорғау
1. Жануарларға қатыгездікпен қарауға тыйым салынады.
1) жануардың өлуіне, мертігуіне немесе саулығына өзге де зиян келтіруге алып келген немесе алып келуі мүмкін жануарды ұрып-соғуға, азаптауға, оның ішінде аштықпен, шөлмен азаптауға және жануарды бөлшектеу, өртеу, суға батыру, тұншықтыру, өлімші етіп ұру арқылы өзге де зорлық-зомбылық әрекеттеріне;
2) ауырсынуды басатын препараттар мен анестетиктерді қолдану жануардың саулығына зиян келтіруі мүмкін болатын жағдайларды қоспағанда, жануарларға ауырсынуды басуды немесе анестезияны қолдану көрсетілген ветеринариялық және өзге де емшараларды тиісті заттарды міндетті түрде қолданбай жүргізуге;
3) бұзақылық пиғылмен не қызметтік міндеттерді атқаруға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын аң аулауға байланысты емес мақсаттарда жануарларды адамға және (немесе) басқа жануарларға айтақтауға;
2026.19.05. № 292-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2026 ж. 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) жануарлар және (немесе) олардың ұрпағы жануарларға арналған панажайларға, жануарларды уақытша ұстау пункттеріне орналастырылғанға немесе өзге де заңды тәсілмен иеліктен шығарылғанға дейін жануарлар иелерінің немесе жауапты адамдардың оларды ұстау жөніндегі міндеттерін орындаудан бас тартуына;
5) егер жануар иесінде және (немесе) жауапты адамда тіршілігі мен саулығы үшін қауіпті жай-күйдегі жануарға көмек көрсету мүмкіндігі болса немесе өздері оны тіршілігі мен саулығы үшін қауіпті жай-күйге түсірсе, жануарға бұл адамдардың көмек көрсетпеуіне;
6) жануарлар төбелесін ұйымдастыруға және өткізуге;
7) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жануарлар пайдаланылатын ұлттық спорт түрлері бойынша спорттық іс-шараларды қоспағанда, жануардың мертігуіне немесе саулығына өзге де зиян келтірілуіне не жануарлардың өліміне алып келетін ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастыруға және өткізуге;
8) жануардың мертігуіне немесе саулығына өзге де зиян келтірілуіне не жануардың өліміне алып келетін мүкәммалды және өзге де құрал-жабдықты пайдалануға;
9) иттер мен мысықтарды тамаққа пайдалану, сою немесе мертіктіру немесе саулығына өзге де зиян келтіру арқылы осындай жануарлардан өнім мен шикізат алу үшін оларды өсіруге, ұстауға, пайдалануға, сондай-ақ мысықтар мен иттердің жүнін тарау тәсілімен алуды қоспағанда, осындай өнімді өткізуге;
10) ветеринариялық дәрігер болып табылмайтын адамның эвтаназиялауды жүргізуіне;
11) үй жануарларын және жабайы жануарларды ғылыми мақсаттарда будандастыруды қоспағанда, оларды шағылыстыруға тыйым салынады.
2026.19.05. № 292-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Егер жануарды нысаналы мақсаты бойынша одан əрі пайдалану мүмкін болмаса, жануардың иесі немесе жауапты адам мұндай жануарды ол өз өлімімен өлгенге дейін күтіп-бағуды қамтамасыз етуге не оны жануарларға арналған панажайға, жануарларды уақытша ұстау пунктіне, қажетті жағдай жасай алатын жеке немесе заңды тұлғаларға беруге міндетті. Жануарды жануарларды уақытша ұстау пунктіне берген кезде иесі немесе жауапты адам жануардың заңды тағдыры айқындалғанға дейін оны күтіп-бағуды қамтамасыз етуге міндетті.
Егер жануар саулығының жағдайы оның жасына байланысты өзгерістерге, созылмалы ауруларының болуына, жарақат алғаннан кейінгі жағдайына орай ұдайы ауырсынуды сезінуге не ағзалар жүйелерінің бұзылуына немесе тірек-қимыл аппаратының функционалдық тұрғыдан ауыр түрде бұзылуына байланысты жануардың тіршілік ету сапасының нашарлауын білдірсе, жануардың иесі ветеринариялық дəрігердің қорытындысы бойынша эвтаназиялау туралы шешім қабылдауға құқылы.
1) жануар адамға және (немесе) жануарға шабуыл жасаған жағдайда және жануар адамның, жануарлардың өміріне немесе саулығына, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке қатер төндіретін өзге де жағдайларда жануарға қарау;
3) жануарларды еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұсталатын басқа жануарларды қоректендіру үшін пайдалану;
2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2025 ж. 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) осы Заңның және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылатын аң аулау, балық аулау немесе балық шаруашылығын, аквашаруашылықты жүргізу, жабайы жануарлардың санын реттеу, ауыл шаруашылығы жануарларын сою, ветеринариялық іс-шаралар, эвтаназиялау;
5) Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктердің дін ұстанушылары діни жораларды өткізу кезінде, егер бұл олардың діни ілімінде көзделсе, жануарларды сою жануарларға қатыгездікпен қарау болып табылмайды.
5-бап. Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласында халықты ағарту және тәрбиелеу, жануарларға қатыгездікпен қарауды насихаттауға тыйым салу
1. Халықтың жануарларға адамгершілікпен және ізгілікпен қарауын тәрбиелеу, жануарларға қатыгездікпен қарауға жол бермеу мақсатында жануарларға жауапкершілікпен қарау саласында халықты ағарту және тәрбиелеу жүзеге асырылады.
Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласында халықты ағарту мен тәрбиелеуді мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары, табиғат қорғау ұйымдары, қоғамдық бірлестіктер, өзге де заңды тұлғалар, сондай-ақ жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнамасы туралы хабарлау, биоэтика курсын оқыту немесе білім беру жүйесінде жануарларға ізгілікпен қарау бойынша сыныптан тыс жұмыс жүргізу, көрмелер, семинарлар, конференциялар, конкурстар, жарыстар және басқа да іс-шаралар өткізу арқылы жүзеге асырады.
2. Пайда табу мақсатында немесе онсыз, жануарларға қатыгездікпен қарауды насихаттауға және (немесе) соған шақыруға, оның ішінде баспа, дыбыс-бейне және өзге де хабарлар мен материалдарды шығару, демонстрациялау, тарату және өзге де пайдалану арқылы насихаттауға және (немесе) соған шақыруға тыйым салынады.
2024.19.06. № 94-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Жануарларға қатыгездікпен қарау фактілерін жазып-көрсету «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
2-тарау. ЖАНУАРЛАРҒА ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН ҚАРАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді.
7-бап. Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы уәкілетті орган:
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.19.05. № 292-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) мемлекеттің ішкі жəне сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің əлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тəртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі əзірлеген негізгі бағыттары негізінде жəне оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сəйкес жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;
2026.19.05. № 292-VIII ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеушілік жəне іске асыру функцияларын жүзеге асырады;
7-баптың 2) тармақшасының қолданысы 2025 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша 30-баптың 1-тармағының редакциясында қолданылды
2) жануарларды жануарларға арналған панажайларда, зоологиялық жатынжайларда, жануарларды уақытша ұстау пунктерінде, жануарларға арналған оңалту орталықтарында, зоологиялық питомниктерде ұстау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
3) жануарларды мәдени-ойын-сауық мақсаттарында пайдалану және оларды ұстау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
4) өздерінің мекендеу ортасына қайтару мүмкін емес, еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайлардағы жабайы жануарларға қарау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
5) жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандырудың үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2026.19.05. № 292-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) жануарларға арналған панажайлардың, сондай-ақ жануарларды уақытша ұстау пункттерінің қызметі мен оларды есепке алу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
7) 2026.19.05. № 292-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) жануарларды тасымалдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
9) үй жануарларын есепке алу қағидаларын және есепке алуға жататын үй жануарларының тізбесін әзірлейді және бекітеді;
2026.19.05. № 292-VIII ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) осы Заңның 10-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ұсталуына, өсірілуіне жəне айналымына тыйым салынған немесе шектелген жануарлардың тізбесін əзірлейді жəне бекітеді;
11) жануар иесінің ерекше жауапкершілігін талап ететін үй жануарларының тізбесін әзірлейді және бекітеді;
12) үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
13) жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық бақылауды жүргізу, сондай-ақ жеке тұлғаларға жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық инспекторлар куәліктерін беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2026.19.05. № 292-VIII ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14) иттерді қоспағанда, иесіз жануарларды стерилизациялау қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
15) еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұсталатын басқа жануарларды қоректендіру үшін пайдаланылатын жануарлардың тізбесін әзірлейді және бекітеді;
2026.19.05. № 292-VIII ҚР Заңымен 15-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
15-1) жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді əзірлейді жəне бекітеді;
16) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
8-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органдарының жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы құзыреті
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органдары жануарларға жауапкершілікпен қарау саласында:
1) үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын бекітеді;
2) жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларын бекітеді;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
9-бап. Жергілікті атқарушы органдардың жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы құзыреті
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жануарларға жауапкершілікпен қарау саласында: